Logo
Іздеу
Айдарлар

"Next time in Moscow?": Путин ағылшынша сөйлеп, Трампты Мәскеуге шақырды

/
"Next time in Moscow?": Путин ағылшынша сөйлеп, Трампты Мәскеуге шақырды
Сергей Бобылев / РИА Новости. Суретте: Владимир Путин мен Дональд Трамп

16 тамызда өткен бірлескен баспасөз мәслихатында Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трампты келесі кездесуді Мәскеуде өткізуге шақырды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Келесі кездесуге үміт артқанын айтқан Трамптың сөзін естіген Путин ағылшын тілінде: "Next time in Moscow?" – деп сұрақ қойды.

Ақ үй басшысы бұл ұсынысты қабылдауы мүмкін екенін жасырмады.

"О, бұл өте қызықты ұсыныс екен. Әрине, мені сынайтындар табылады, бірақ мен бұл шақыртуды қабылдауым әбден мүмкін деп ойлаймын. Рахмет, президент мырза", – деді Дональд Трамп.

Айта кетейік, қос лидердің алғашқы жүздесуі Аляскадағы Анкоридж қаласында орналасқан Эльмендорф-Ричардсон әскери базасында өтті. "Үшке-үш" форматында өткен шағын құрамдағы келіссөздер 2 сағат 45 минутқа созылды.