17 тамызда Ақмола облысында жеңіл моторлы Aerostar R40F UP-LA229 ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы Arasha.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшақ жалпы мақсаттағы авиация аясында ұшып шыққан. Оқиғаға байланысты Авиациялық оқиғаларды тергеу қағидаларына сәйкес арнайы комиссия құрылды.
Көлік министрлігінің апаттарды тергейтін департамент қызметкерлері апат орнына жіберілді.
Айта кетейік, журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында жазғандай, жазылушылары жолдаған ақпаратқа сәйкес, апатқа ұшыраған – жеке ұшақ. Әуе кемесінің иесі мен онымен бірге болған әйел қаза тапқан.