Logo
Іздеу
Айдарлар

Путин мен Зеленский ақыры кездесетін болды: тарихи келіссөз қай қалада өтеді?

/
Путин мен Зеленский ақыры кездесетін болды: тарихи келіссөз қай қалада өтеді?
ашық дереккөзден. Суретте: Владимир Зеленский мен Владимир Путин

Дональд Трамп, Владимир Путин және Владимир Зеленскийдің үшжақты кездесуі Еуропада өтуі мүмкін, алайда нақты ел әлі белгісіз. Путин Украина президентімен кездесу өткізуге келісімін берген, деп хабарлайды Arasha.kz.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайты жариялаған стенограммаға сәйкес, Мемлекеттік хатшы Марко Рубио Fox News телеарнасына берген сұқбатында Путиннің Зеленскиймен кездесуге дайын екенін атап өтті.

«Путиннің «Әрине, Зеленскиймен кездесемін» деп айтқаны маңызды. Мен олардың сол бөлмеден шыққан соң достасып кетеді деп тұрған жоқпын, сондай-ақ бейбіт келісімге келетінін де айтып тұрған жоқпын. Бірақ екеуінің сөйлесіп бастауы өз алдына үлкен қадам. Соңғы үш жарым жылда мұндай жағдайды көрмедік», – деді Рубио.

Sky News мәліметіне қарағанда, АҚШ еуропалық дипломаттарға Трамп, Зеленский және Путиннің алдағы кездесулеріне дайын болуды сұраған.

Егер соңғы сәтте еш өзгеріс болмаса, АҚШ пен ЕО одақтастары кездесуді Еуропада өткізуге келіскен. Италия премьер-министрі Джорджия Мелони Римді, ал Франция президенті Эммануэль Макрон Женеваны ұсынған. Қолдағы ақпаратқа сәйкес, Зеленский мен Трамп Римді, Ватиканды қалайды, ал Путин – Женеваны қалайды.

Италия мен Швейцария сыртқы істер министрліктері келіссөздер өткізуге дайын екенін мәлімдеген, ал ЕО дипломаттары басқа нұсқаларды да қарастырып жатыр, соның ішінде Будапешт пен Хельсинки бар.

Еске сала кетейік, кеше Ақ үйде Дональд Трамп Зеленскиймен кездесті. Журналистерге берген жауабында Трамп соғыстың аяқталуын қалайтынын, бірақ нақты уақытын айта алмайтынын жеткізді:

«Соғыс аяқталады. Зеленский де, Путин де соны қалайды. Меніңше, әлем бұл соғыстан шаршады, оны тоқтатын уақыт келген сияқты», – деді америкалық президент.