Еліміздің такси нарығына ірі ойыншылардың бірі – Балтық елдерінің сервисі Bolt келеді. Бұл туралы ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев хабарлады, деп жазады Arasha.kz.
Алдымен компания самокаттарды жалға беру қызметін іске қосып, кейін такси бағытын да дамытпақ. Бұл жолаушылар үшін Яндекс Go-ға балама пайда болады деген сөз.
Сонымен қатар, министрдің айтуынша, қазіргі кезде Яндекс Go-ға бәсекелес болып InDrive те күшейіп келеді.
Сауранбаевтың сөзінше, мемлекет такси бағасын тікелей реттемейді, бірақ жаңа сервистерді тарту арқылы бәсекелестік артып, халыққа таңдау мүмкіндігі беріледі.
"Әрине, Яндекс көшбасшылардың бірі. Бірақ бағаға келсек, өзім жақында такси шақырып көрдім, қымбат болып шықты. Тарифтерді реттеу біздің құзыретімізге кірмейді", – деді министр.
Енді Қазақстанда жолаушылар үшін тек Яндекс пен InDrive емес, сонымен қатар Bolt та бәсекеге түспек.