Logo
Іздеу
Айдарлар

Украинаға 10 ел әскер жіберуге дайын

/
Украинаға 10 ел әскер жіберуге дайын
Сурет: ашық дереккөзден

Bloomberg дерегінше, шамамен 10 мемлекет Украинаға бейбіт келісім аясында өз әскерін жіберуге әзір. 19 тамызда еуропалық шенеуніктер Ұлыбритания мен Франция әскерін орналастыру жоспарын, олардың саны мен дислокациясын талқылаған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Британ билігі алдағы күндері еуропалық әскери өкілдер АҚШ әріптестерімен кездесіп, «сенімді қауіпсіздік кепілдіктерін нақтылау және соғыс тоқтаған жағдайда қолдау күштерін орналастыруға дайындық» мәселесін қарастыратынын хабарлады.

Axios жазуынша, Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерін әзірлейтін жұмыс комиссиясын АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио басқарады. Украиналық шенеуніктің айтуынша, «алдағы күндері таңнан кешке дейін кепілдіктер бойынша жұмыс жүріп, апта соңына қарай нақты құрылым пайда болуы мүмкін».