Logo
Іздеу
Айдарлар

Трамп қылық шығарды: Енді ол Путин-Зеленский кездесуін ұйымдастырғысы келмейді

/
Трамп қылық шығарды: Енді ол Путин-Зеленский кездесуін ұйымдастырғысы келмейді
AP Photo / Julia Demaree Nikhinson. Суретте: Владимир Зеленский мен Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийдің жүзбе-жүз кездесуін ұйымдастырудан бас тартты, деп хабарлайды Arasha.kz.

The Guardian жазуынша, Трамп Мәскеу мен Киев мұндай келіссөздерді өздері ұйымдастыруы тиіс деп есептейді. Оның ойынша, мемлекет басшыларының тікелей кездесуі соғыс қимылдарын тоқтатуға бағытталған келесі қадам болуы керек. Алайда АҚШ президенті енді бұл үдерісте негізгі рөл атқармайтынын айтқан.

Басылым дерегіне сүйенсек, соңғы күндері Трамп өз кеңесшілеріне Путин мен Зеленский кездесу өткізген соң, өзі қатысатын үшжақты саммит ұйымдастыру ниеті барын жеткізген. Дегенмен, Путин мен Зеленскийдің жүздесуі шынымен өтетіні әзірге белгісіз.