Logo
Іздеу
Айдарлар

Ақтөбеде аттракционға мінген 5 жасар қыздың саусағы жұлынып кетті

/
Ақтөбеде аттракционға мінген 5 жасар қыздың саусағы жұлынып кетті
astanatv.kz

Ақтөбеде бес жасар қыз бала аттракционға мінгеннен кейін саусағынан айырылды – оның қолы карусель тетігіне қысылып қалған. Қазір полиция тексеру жұмыстарын бастап кетті, деп Arasha.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрігерлер баланың жарақатын травматикалық ампутация деп бағалады.

"Саусағы жоқ. Сынып, жаншылған. Әкелгенімен, ол жарамсыз, қалпына келтіруге мүмкіндік болмады. Сондықтан тек хирургиялық өңдеу жасалды", – деді травматолог Қуантай Махамбетов.

Қыздың анасының айтуынша, оқиға кеше таңертең болған. Бес жастағы бүлдіршін екі бауыры және әжесімен бірге ойын-сауық орталығына барған.

"Ол ұстап қалып еді, қолы қысылып, саусағы түгел жұлынып кетті. Барлығы ашық тұр, қауіпсіз емес. Неге қарамайды? Оның үстіне, төменде орналасқандықтан, бала оңай жете алады. Бізге мүгедектік алу керектігін айтты", – деді қыздың анасы.