Logo
Іздеу
Айдарлар

Тоқаев Зеленскийге Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтау жолдады

/
Тоқаев Зеленскийге Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтау жолдады
Ақорда. Суретте: Владимир Зеленский мен Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жеделхатта Қазақстан Президенті Зеленскийді Украинаның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, украин халқына бейбітшілік пен құт-береке тіледі.

Еске сала кетейік, Тоқаев пен Зеленский бұған дейін 10 тамызда телефон арқылы сөйлескен болатын. Сол әңгімеде мемлекет басшысы Қазақстанның Украинада халықаралық құқық қағидаттары негізінде бейбітшілік орнатуға мүдделі екенін жеткізген.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазіргі күрделі жағдайда Украина мемлекеттілігін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ете отырып, қақтығысты байыпты түрде шешу маңызды.

Мемлекет басшысы тараптар "жанжалдан, жаман болса да, бітім артық" деген көнеден келе жатқан даналыққа сәйкес әрекет етуі тиіс деп санайды.