Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қыркүйек айы қазақстандықтар үшін қысқа жұмыс аптасымен басталады

Қыркүйек айы қазақстандықтар үшін қысқа жұмыс аптасымен басталады
ашық дереккөзден

Қазақстанда тамыз айының соңында елдің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі – Конституция күні аталып өтеді. Осыған байланысты қыркүйек айының алғашқы аптасы қысқа жұмыс аптасы болады, деп хабарлайды Arasha.kz.

1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Конституция – еліміздің ең маңызды құжаты. Сол себепті мереке жыл сайын 30 тамызда тойланады.

Бес күндік жұмыс аптасы бар қызметкерлер үшін 30 тамыз (сенбі), 31 тамыз (жексенбі) және 1 қыркүйек (дүйсенбі) – демалыс күндері болып есептеледі. Бұл «Мерекелер туралы» заңға сәйкес, мереке сенбіге түскен жағдайда демалыс дүйсенбіге ауыстырылатындықтан жүзеге асады.

Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін:

  • 30 тамыз (сенбі) және 31 тамыз (жексенбі) – демалыс;
  • 1 қыркүйек (дүйсенбі) – жұмыс күні болып саналады.