Logo
Іздеу
Айдарлар

МӘМС аясында балаларға жасалатын ең қымбат операциялар

/
МӘМС аясында балаларға жасалатын ең қымбат операциялар
Сурет: pixabay

Алматыда жыл сайын балаларға қымбат әрі жоғары технологиялы операциялар жасалады. Мұндай ем-шаралардың құны 1 миллионнан 20 миллион теңгеге дейін жетеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мұндай оталардың барлығы ата-аналар үшін тегін — шығынды толығымен МӘМС қоры (ОСМС) өтейді. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында қала клиникаларында 500-ге жуық осындай операция жасалған.

Алматы филиалындағы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ең қымбат балалар операцияларын атады:

Аллогендік гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялау — 17–20 млн теңге
Қан және сүйек кемігі ауруларын емдеуге қолданылады. Донорлық жасушалар баланың қан түзу жүйесін қалпына келтіреді. Алты айда 18 операция жасалған.

Фармакорезистентті эпилепсия кезінде кезеген жүйкені стимуляциялау — 9,9 млн теңге
Алматыда биыл алғаш рет енгізілді. Кеудеге қойылған арнайы құрылғы жүйкеге импульс жіберіп, ұстаманы азайтады. 5 балаға жасалған.

Кохлеарлық имплантация — 7,8 млн теңге
Есту қабілеті ауыр бұзылған балаларға жасалатын операция. Алты айда 94 балаға жасалған.

Аутологиялық дің жасушаларын трансплантациялау — 5,3 млн теңге
Науқастың өз жасушалары қайта енгізіледі. Онкогематологияда қолданылады.

Жұлынға микрохирургиялық операциялар нейромониторингпен — 4,7 млн теңге
Жұлын ісігі мен ақауларын түзету үшін жасалады.

Бас пен мойынның тамыр ісіктерін рентгенэндоваскулярлық эмболизациялау — 4,1 млн теңге
Қатерлі тамырларды жабу арқылы ісіктің өсуін тоқтатады.

Митралды қақпақшаның ашық вальвулопластикасы — 4,1 млн теңге
Жүрек ақауы бар балаларға жасалады, қақпақшаны сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Магистральды тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру — 3,1 млн теңге
Жаңа туған нәрестелерге жасалатын ең күрделі кардиохирургиялық операциялардың бірі. Биыл 5 сәби аман қалған.

Краниофациалды реконструктивті операциялар — 3,1 млн теңге
Бас сүйек деформациясын түзету үшін жасалады. Ең кішкентай науқас небәрі 2 айлық болған.

Бұл жоғары технологиялы операциялардың барлығы балалардың өмірін сақтап қана қоймай, олардың толыққанды дамуына жол ашады.