Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Денсаулық

Оралда 10 жастағы қыздың асқазанынан 620 грамм шаш алынды

Оралда 10 жастағы қыздың асқазанынан 620 грамм шаш алынды
Фото: Morsa Images/Getty Images

Орал қаласында дәрігерлер 10 жастағы қыз балаға күрделі ота жасап, асқазанынан 620 грамм шаш алып шықты. Мұндай жағдайды тәжірибелі хирургтердің өзі алғаш рет кездестірген, деп хабарлайды "Жетінші арна".

Бүлдіршіннің ұзақ уақыт бойы іші ауырып, тамаққа тәбеті болмаған. Баласының денсаулығына алаңдаған анасы оны ауруханаға жеткізген.

Дәрігерлер рентгендік тексеру жүргізіп, қыздың асқазанында көлемді бөгде зат бар екенін анықтаған. Кейін хирургиялық ота барысында оның шаш екені белгілі болды.

Мамандар баланың асқазанынан жалпы салмағы 620 грамм болатын шашты алып шыққан.

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдай медициналық тәжірибеде сирек кездеседі. Тіпті хирургия саласында 30 жылдық тәжірибесі бар мамандардың өзі осындай күрделі операцияны алғаш рет жасағандарын жеткізген.