Logo
Іздеу
Айдарлар

"Дұғада болайық": Нұрлан имам шұғыл мәлімдеме жасап, елді алаңдатып қойды

/
"Дұғада болайық": Нұрлан имам шұғыл мәлімдеме жасап, елді алаңдатып қойды
видеодан скриншот

Танымал имам Нұрлан Байжігітұлы Халықаралық Қазан Жастар Саммитіне ресми шақырту алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы Нұрлан Байжігітұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Аяулы халқым! Ақ жол тілеп, дұғада болыңыздар! Қияметтік көршіміз Ресей Федерациясының тарихи Қазан қаласында өтетін Ислам Ынтымақтастық (Конференция) Ұйымының ұйымдастыруымен Халықаралық Қазан Жастар Саммитіне  ресми шақырту алған едім. Осы айтулы шараға еліміздің атынан қатысып, үлкен мінбеден сөз сөйлеуге, тәжірибе бөлісуге, ұлтымның ұлылығын дәріптеуге Мәскеу арқылы жолға шықтым", – деп жазды Нұрлан имам.