Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Жеке ұшақ тұрғын үйлерге жақын жерге құлап, тоғыз адам көз жұмды

Жеке ұшақ тұрғын үйлерге жақын жерге құлап, тоғыз адам көз жұмды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

АҚШ-тың Флорида штатындағы Лейк-Уэрт-Бич қаласында жеке ұшақ апатқа ұшырап, тоғыз адам қаза тапты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Техастан Багам аралдарына бет алған әуе кемесі тұрғын үйлер орналасқан аумақтың маңына құлаған. Мәліметке сәйкес, сол уақытта өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнаған.

Апат алдында экипаж диспетчерге ұшақты мұз басқанын және қатты турбуленттікке тап болғанын жеткізген. Осы хабарламадан кейін бір минутқа жетпейтін уақытта әуе кемесі күрт төмендеп, апат дабылы іске қосылған.

Оқиғаның мән-жайы мен ұшақтың құлау себебі анықталып жатыр.