Әлеуметтік желілерде Атырау қаласындағы мектептердің бірінде жұмыс істеген бұрынғы қызметкер оқу орны басшылығына қатысты ауыр айыптаулар жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оның айтуынша, 2013 жылы №30 мектепке жұмысқа орналасқан соң ұжымдық шаралардың біріне қатысқан. Сол кештен кейін ер адам есінде тек үстел басында отырғаны қалғанын, ал таңертең оянғанда өзін жалаңаш күйде тапқанын жеткізді. Айтуынша, шара мектеп директорының орынбасарының үйінде өткен.
Бұдан кейін ол орынбасар тарапынан қысым көріп, жасөспірім жастағы ер балаларды тауып беруге мәжбүрленгенін мәлімдеді. 12 жыл өткен соң, бұрынғы қызметкер бұл жайды ашық айтуға шешім қабылдаған. Себебі сол кездегі орынбасар қазір қаладағы өзге мектептердің бірін басқарып отыр.