Тяньаньмэнь алаңында өткен парад Жапонияның капитуляциясына және Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бейжіңнен жүргізілген тікелей трансляцияда парад басталмас бұрын Путин, Ким және ҚХР төрағасы Си Цзиньпин бірге мінберге шыққаны, артынан өзге де мемлекет басшылары сол жерге бет алғаны көрсетілді. Барлығы парадқа 26-дан астам елдің көшбасшылары жиналды.
«Адамзат қайтадан таңдаудың алдында тұр: бейбітшілік пе, әлде соғыс па, диалог па, әлде қақтығыс па», — деді өз сөзінде Қытай көшбасшысы.
Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына орай өткен әскери парадты тамашалаған мәртебелі меймандардың құрметіне ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің атынан ұйымдастырылған салтанатты қабылдауға қатысты.