Logo
Іздеу
Айдарлар

Франция соты Башар Асадты қамауға ордер шығарды

/
Франция соты Башар Асадты қамауға ордер шығарды
Сурет: Анадолу сайтынан

Франция соты Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадты қамауға алу жөнінде ордер шығарды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ордер американдық журналист Мария Колвин мен француз фотографы Реми Оклидің қазасына байланысты іс аясында шығарылған. Олар 2012 жылы Хомс қаласына үкімет әскері жасаған әуе шабуылы кезінде қаза тапқан.

Бұрынғы президенттен бөлек, осы істің аясында оның әкімшілігінің тағы алты жоғары лауазымды шенеунігіне де қамауға алу ордері берілді, деп жазды France24.

Айта кетсек, 2023 жылдың қарашасында Франция соты Асадқа қарсы 2013 жылы Сирияда ұйымдастырылған химиялық шабуылдарға байланысты да ордер шығарған еді. Алайда 2025 жылдың шілдесінде Францияның Жоғарғы кассациялық соты бұл ордерді жойып, Асад аталған қылмыстар жасалған кезде президенттік иммунитетке ие болғанын атап өтті.