Logo
Іздеу
Айдарлар

Солтүстік Корея басшысы Қытайға жеке дәретханасын алып барған

/
Солтүстік Корея басшысы Қытайға жеке дәретханасын алып барған
Pang Xinglei

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын Қытай астанасына сапарында өзімен бірге жеке дәретханасын ала барған. Бұл жөнінде жапондық Nikkei басылымы Оңтүстік Корея мен Жапония барлау деректеріне сүйене отырып хабарлады, деп жазады Arasha.kz.

Барлаушылардың айтуынша, мұндай қадам Ким Чен Ынның денсаулығына қатысты мәліметтердің сыртқа шықпауын қамтамасыз ету үшін жасалған.

Пекинде ол Ресей президенті Владимир Путинмен жүздесіп, кейін Қытай төрағасы Си Цзиньпин ұйымдастырған әскери шеруге қатысқан.

Ал Кремльшіл журналист Александр Юнашев телеграм-арнасында Ким мен Путин кездесуінен соң, солтүстіккореялық қызметкерлер отырған орындықты, үстелді және қолы тиген жерлердің барлығын қайта-қайта сүртіп жатқан сәт бейнеленген видеоны жариялады.

Сарапшылардың пікірінше, Пхеньян осылайша Ким Чен Ынға қатысты кез келген ақпараттың бөгде адамдар қолына түспеуін қатаң бақылайды.