Парламент кулуарында депутат Айдос Сарымнан сенат таратылған жағдайда елде форс-мажор кезінде президенттікке екінші үміткер кім болатыны сұралды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Депутаттан қазір президент өкілеттігінен бас тартқан, мерзімінен бұрын қызметінен кеткен немесе қайтыс болған жағдайда президент орнына сенат төрағасы үміткер саналатыны белгілі, ал сенат жойылса қандай тәртіп бекітілетіні жөнінде сұрақ қойылды.
Айдос Сарымның айтуынша, Қазақстан бір палаталы парламентпен де, екі палаталы парламентпен де президенттік-парламенттік республика болып қала береді.
Оның пікірінше, парламенттің сенаты таратылғаннан кейін президенттікке автоматты түрде мәжіліс төрағасы үміткер болуы тиіс.
«Президент өкілеттігін тоқтатқан жағдайда енді, шамасы, мәжіліс спикері (орынға келеді – ред.). Қазір біз сайлау туралы, партиялар туралы заңды қарауға кірістік. Меніңше, президент туралы заңды да мұқият қайта қарау қажет. Онда тәртіп айқын әрі толық жазылуы тиіс», – деді депутат.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан халқына Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел парламенті бір палаталы болып, сенаттың таратылатынын мәлімдеді.