Logo
Іздеу
Айдарлар

Сүйінші! Қырғыз ағайындар қуанышты жаңалықты хабарлап, той қамына кірісті

/
Сүйінші! Қырғыз ағайындар қуанышты жаңалықты хабарлап, той қамына кірісті
HStocks / Getty Images

Қырғызстан Парламенті Джалал-Абад қаласының атауын Манас деп өзгерту туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл шешім бүгін Жогорку Кеңеш отырысында қабылданды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Хабарламада айтылғандай, Жогорку Кеңеш депутаты Мирлан Самыйқожо Джалал-Абад тұрғындарын тарихи өзгеріспен құттықтап, бұл қадамның үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.

"Енді манастықтар атауға лайық болуға тиіс. Болашақта интернетте манастық жемқорлар, манастық жезөкшелер немесе манастық қылмыскерлер туралы жаңалық шықпауы қажет. Қала тұрғындары үлгі болып, Манас есімінің абыройын арттыра түсуі керек", – деді депутат.

Қаланы қайта атау бастамасы ұлттық идеологияны нығайту және халық батыры, қырғыз халқының қорғаушысы Манастың есімін ұлықтау мақсатында қолға алынған. Идея жергілікті тұрғындардан шығып, қалалық кеңес пен Джалал-Абад облысындағы президент өкілдігі тарапынан қолдау тапқан.