The Washington Post басылымының хабарлауынша, Қатар билігі АҚШ пен Израильдің уәделерін бұзғанына таңданысын жасырмады.
Газет жазған дерекке сүйенсек, өткен айда Вашингтон мен Тель-Авив Дохаға ХАМАС өкілдері Катар аумағында шабуылға ұшырамайды деп сендірген. Алайда Израильдің Дохада жасаған соққысы бұл уәделерді жоққа шығарған.
Катарлық дереккөздер The Washington Post-қа берген мәліметінде мұндай жағдайды «шынайы опасыздық» деп атаған.
Басылымның пікірінше, бұл оқиға Катарды тек Газа қақтығысын реттеу процесіндегі делдал рөлінен ғана емес, сонымен бірге ХАМАС басшылығымен ең сенімді байланыс арнасынан да айырды.