Oracle компаниясының теңқұрушысы әрі ең ірі акционері Ларри Эллисон әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде алғаш рет көш бастады, ол Tesla басшысы Илон Маскты басып озды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Bloomberg агенттігі хабарлауынша, Oracle компаниясының мықты тоқсандық есебі жарияланғаннан кейін Эллисонның дәулеті күрт өсті — 10 қыркүйектегі сауда-саттықта компания акциялары 41,8%-ға қымбаттады. Миллиардердің капиталы $101 млрд-қа өсіп, $393 млрд-қа жетті. Бұл Bloomberg миллиардерлер индексі тарихындағы бір күн ішіндегі ең ірі өсім болды.
Салыстыру үшін: Илон Масктің байлығы $385 млрд деп бағалануда.
81 жастағы Эллисонның негізгі байлығы Oracle акцияларына тиесілі. Ол компания директорлар кеңесінің төрағасы әрі техникалық директор қызметін атқарады.