Logo
Іздеу
Айдарлар

Израильдің Дохаға жасаған соққысы нәтижесіз болған ба?

/
Израильдің Дохаға жасаған соққысы нәтижесіз болған ба?
Фото: ашық дереккөзден алынды

Израиль билігі ресми түрде Дохада ХАМАС басшылығына жасалған соққының нәтижесін әлі жариялаған жоқ. Дегенмен, израильдік басылымдарға анонимді түрде пікір білдірген бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктер мен әскерилердің айтуынша, алғашқы болжам бойынша, ұйымның барлық бес жетекшісі аман қалған.

Соған қарамастан, Израиль қоғамында – биліктен бастап қарапайым азаматтарға дейін – бұл қадам ақталған деген пікір басым. Кей сарапшылардың ойынша, операцияның басты мақсаты басшыларды жою емес, ХАМАС-тың басқа елдерде де жасырыну мүмкіндігі барған сайын шектеліп келе жатқанын көрсету болған.

Сондай-ақ сарапшылар Израиль премьері Биньямин Нетаньяху бұл арқылы Түркияға да айқын белгі бергенін айтады. Себебі Түркия – ХАМАС жетекшілеріне пана болып отырған екінші мемлекет.

Соңғы айларда Анкара мен Тель-Авив арасындағы қарым-қатынас мүлдем нашарлап кеткен. Егер президент Режеп Тайып Ердоған бұл хабарламаны түсінген болса, онда Дохадағы соққының ең кемінде бір мақсаты орындалды деуге болады.