Logo
Іздеу
Айдарлар

Қуан қазақ, Төрехан Сабырхан әлем чемпионы

/
Қуан қазақ, Төрехан Сабырхан әлем чемпионы
Фото: ашық дереккөз

Қазақ боксшысы Төрехан Сабырхан Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында финалдық кездесуін өткізді , деп хабарлайды Arasha.kz.

70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Төрехан Сабырхан жапониялық Севон Окадзавамен шаршы алаңға шықты. Нәтижесінде қазақ боксшысы төрешілер шешімімен чемпион атанды. 

Айта кету керек, Төрехан Сабырхан – жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында төрт мәрте жеңімпаз атанған алғашқы қазақстандық боксшы. Сондай-ақ ол 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарып, турнирдің ең техникалық боксшысы атанған еді.