Logo
Іздеу
Айдарлар

Саяси сахна тағы құбылды: Путин мен Зеленскийдің кездесетін орны белгілі болды

/
Саяси сахна тағы құбылды: Путин мен Зеленскийдің кездесетін орны белгілі болды
Olivier Matthys/AP/dpa/Mikhail Metzel/Sputnik/picture alliance

Ресейдің Түркиядағы елшілігін аяқтаған дипломат Алексей Ерхов Hürriyet басылымына берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путин мен Украина басшысы Владимир Зеленскийдің ықтимал кездесуі дұрыс дайындалмаса, "теріс әсер қалдыруы мүмкін" екенін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Ресей ешқашан Зеленскиймен кездесуден бас тартқан емес. Алайда мұндай маңызды кездесу жан-жақты дайындалып, нақты нәтижеге бағытталуы тиіс. Әйтпесе ол кері салдар әкелуі ықтимал", – деді Ерхов.

Бұған дейін Ресей СІМ-нің Киевтегі өкілі Родион Мирошник Зеленский Мәскеуге сапар шегетін болса, оған Путин тарапынан толыққанды қауіпсіздік кепілдігі берілетінін мәлімдеген еді.

Ал 5 қыркүйекте Шығыс экономикалық форумында сөйлеген сөзінде Владимир Путин Украина басшысымен кездесу үшін ең қолайлы орын – Мәскеу екенін атап өтті. Сонымен қатар ол Зеленский мен оның делегациясының астанаға келуі жағдайында олардың қауіпсіздігіне толық кепілдік берілетінін жеткізді.