Logo
Іздеу
Айдарлар

«Өлгендер қайтып келеді»: Маңғыстаудағы іс бойынша үкім шықты

/
«Өлгендер қайтып келеді»: Маңғыстаудағы іс бойынша үкім шықты
Фото: коллаж arasha.kz

Маңғыстауда West Oil Software компаниясына қатысты іс бойынша үкім шықты.

Бас прокуратураның хабарлауынша, басшылардың бірі 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды. Келтірілген 261 миллион теңге залал толық өтелген.

Іс «өлі жандар» схемасына байланысты: жалақы кәсіпорында ешқашан жұмыс істемеген адамдарға, соның ішінде басшылықтың туыстарына аударылып отырған.

Компанияның басынан дау 2023 жылдан бері арылмай келеді. Сол жылы жүздеген жұмысшы «ҚазМұнайГазға» ауыстыруды талап етіп, ереуілге шыққан еді. Алайда сот бұл наразылықты заңсыз деп танып, ереуілшілер жұмыстан қуылды.

Кейін прокурорлар жүздеген миллион теңгенің ұрлығын анықтады. Ал 2025 жылдың басында кәсіпорында қайғылы оқиға болды: рұқсатсыз техника айдап жүрген жұмысшы қаза тапты.

Осылайша, West Oil Software тек дау-дамайымен ғана емес, сонымен қатар тарихындағы алғашқы сот үкімімен де белгілі болып отыр.