Logo
Іздеу
Айдарлар

"Зеленский келісетін болды": Трамп шұғыл әрі тарихи мәлімдеме жасады

/
"Зеленский келісетін болды": Трамп шұғыл әрі тарихи мәлімдеме жасады
ТСН.ua

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, Украина басшысы Владимир Зеленскийге соғысты тоқтату үшін Мәскеумен "келісім жасауға" тура келеді. Бұл туралы ол 16 қыркүйекте Ұлыбританияға ұшар алдында мәлімдеді. Алайда қандай келісім туралы сөз болып отырғанын нақтыламады, деп хабарлайды Arasha.kz.

АҚШ президенті Украина-Ресей арасындағы ықтимал келіссөздерге өзі қатысуы мүмкін екенін де жоққа шығармады.

"Танго билеу үшін екеу керек. Бұл жерде Зеленский мен Путин бар, олар бір-бірін жек көреді. Бәлкім, мен солармен бір бөлмеде отыруға мәжбүр боламын, өйткені олар бірге бір бөлмеде отыра алмайды. Мұнда үлкен өшпенділік бар", – деді Трамп.

Осы күні АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Трамп пен Зеленскийдің келесі аптада БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Нью-Йоркте жүздесуі ықтимал екенін айтты. Оның сөзінше, АҚШ президенті Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тоқтату үшін бар күшін салып жатыр.

Айта кетейік, соңғы рет Трамп пен Зеленский 18 тамызда Вашингтонда кездескен болатын.