Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын жаңа соғыс дрондарының сынағына қатысып, олардың мүмкіндіктерін жасанды интеллект арқылы күшейтуді тапсырды. Бұл туралы жұма күні, 19 қыркүйекте, Reuters Солтүстік Кореяның мемлекеттік KCNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Хабарламада Ким Чен Ынның «Кумсон» тактикалық соққы беруші дроны мен стратегиялық барлау ұшағының сынағын бақылады деп айтылады.
Ол нәтижелерге қанағаттанып, дрондарды әрі қарай жетілдіру жоспарын, әсіресе жасанды интеллект қолдану бағытын мақұлдады.
Еске салайық, Ким Чен Ын КХДР-дың жаңа ядролық саясатын жариялаған еді. Ол саясат ядролық әлеуетті және дәстүрлі қарулы күштерді қатар дамытуға негізделген.