Logo
Іздеу
Айдарлар

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

/
Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды
Сурет: Алматы әкімдігі

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорда таратқан мәліметте.

Еске сала кетейік, биылғы мамыр айының соңында Ерболат Досаев Алматы әкімі қызметінен босатылды. Тиісті жарлыққа президент қол қойды.

Бұл қызметті Досаев 2022 жылдың 31 қаңтарынан бастап атқарған болатын.

Айта кетейік, Ерболат Досаев Алматы қаласында дүниеге келген.

Алматы энергетикалық институтын және Мәскеудегі Бауман атындағы мемлекеттік техникалық университетті тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы «Искер» МНПП-да бастаған.