Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Шұғыл! Алматылықтардың телефонына жер сілкінісі туралы хабарлама түсіп жатыр

Шұғыл! Алматылықтардың телефонына жер сілкінісі туралы хабарлама түсіп жатыр
NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы тұрғындарының мобильді телефондарына жер сілкінісі жайлы ескерту хабарламалары келе бастады, деп хабарлайды Arasha.kz.

21 қыркүйек күні сағат 16:25-те ТЖМ сейсмостанциялар желісі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде жер асты дүмпулерін тіркеді.

Жер сілкінісінің магнитудасы – 3,8, энергетикалық класы – 7,2. Мамандардың есептеуінше, бұл дүмпу сезілмейтін деңгейде болған. Алматыда да ешкім оны сезген жоқ.