Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстанда ҰБТ-ны америкалық компанияның қатысуымен түбегейлі жаңартпақ

/
Қазақстанда ҰБТ-ны америкалық компанияның қатысуымен түбегейлі жаңартпақ
Сурет: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Саясат Нұрбек реформаны әзірлеуге халықаралық деңгейдегі мамандар қатысатынын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық бірыңғай тестілеуді түбегейлі жаңарту жоспары барын хабарлады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары аясында әлемдегі ең көне тестология ұйымы – Educational Testing Service (ETS) компаниясының басшылығымен кездесу өткен.

"Арнайы жұмыс тобы құрылады. ETS-тің үздік мамандарының жетекшілігімен біздің ҰБТ-ның әдістемесі мен мазмұны терең қайта қаралады", – деді Нұрбек.

Министрдің айтуынша, жұмысқа халықаралық сарапшылар тартылады. Ал тестілеудің өзі жоғары әдістемелік дәлдігі бар, сапалы сұрақтары бар халықаралық емтиханға айналдырылмақ.