Белгілі заңгер, марқұм Шерзат Полат ісімен көпшілікке таныс болған Мейірман Шекеев жұртшылықпен жағымды жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.
"Тарыдай шашылған қазағымызды түйірлеп жинауға тура келуде. Қаншама шаршағаның, баласы үшін шырылдаған ананың қуанған көз жасын көргенде әп-сәтте жоқ болып кетеді екен. Алланың қалауымен міне Украинадағы соғыстың құрбаны болып кетуге сәл-ақ қалған, одан қалса Ресей Федерациясында темір торға тоғытылған балаларымыздың 21 -шісін елге алып келдік. Бұл жолы бірден үш бала келді. Қуанышымызда шек жоқ. Қуанышыңмен бөліссең көбейеді деуші еді. Бөлісе отырайық. Қазағымның қуанышы көбейе берсін. Аналар тек қуанышқа жыласыншы", – деп жазды Мейірман Шекеев.