Logo
Іздеу
Айдарлар

Италияда жүздеген мың адам Палестинаны қолдап көшеге шықты

/
Италияда жүздеген мың адам Палестинаны қолдап көшеге шықты
Сурет: ашық дереккөзден

Шеруге қатысушылар Израильге қару сатуды тоқтатуды және санкциялар енгізуді талап етті. Олар сонымен қатар италиялық үкіметті Газадағы геноцид үшін айыптады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Наразылық шеруі Рим мен Милан қоса алғанда 80-нен астам қалада өтті. Жолдар жабылып, қоғамдық көлік пен әуежайлар жұмысы тоқтады.

Италия астанасында митингке шыққандар орталық вокзалды түгелге жуық жауып тастады. Ал Миланда жағдай полициямен қақтығысқа ұласты. Құқық қорғаушылар оған жауап ретінде түтіндеткіш граната мен су атқыштарды қолданды. Болоньяда жүздеген адам қала орталығын жауып тастады.

Италиядағы ереуіл премьер Джорджа Мелонидің Палестинаны мойындаудан бас тартуынан кейін басталды. Бұған дейін Ұлыбритания, Канада, Австралия, Португалия және Франция бұл мемлекетті мойындаған болатын.