Ресей соғысты тоқтатпаса, Кремльде жұмыс істейтін ресейлік шенеуніктерге ең жақын бомбадан қорғану орындары орналасқан жерін анықтау қажет болатыны туралы президент Владимир Зеленский Axios басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оның сөзінше, қазір АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресейдегі энергетика инфрақұрылымы мен қару-жабдық зауыттары секілді нысандарға соққыларды қолдап отыр.
Зеленский сонымен қатар Украина АҚШ-тан қосымша ұзақ қашықтыққа арналған қару алады және оны қолданатынын айтты. Ол нақты қандай қару туралы айтқан жоқ, тек Трамп бұл бағытта жұмысты жалғастыруға уәде бергенін жеткізді.
Сонымен қатар Зеленский Украина азаматтық инфрақұрылымды бомбаламайтынын, өйткені «біз террорист емеспіз» деп айтты, алайда Кремль сияқты Ресейдің билік орталықтары нысанаға айналуы мүмкін екенін меңзеді.
«Олар бомбодан сақтану орындары қай жерде екенін білуі керек. Бұл оларға қажет болады. Егер соғысты тоқтатпаса, олар әртүрлі жағдайға тап болады. Олар білуі керек — біз Украинада күн сайын жауап береміз. Егер бізге шабуыл жасаса, біз оларға жауап береміз», — деді ол.