Алматы тұрғындары Ермесай ықшамауданында таудың баурайынан шыққан өртті видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қалалық ТЖД дерегінше, от құрғақ шөптен тараған.
"Табиғи өртті сөндіру үшін арнайы жасақ сағат 18:43-те аттандырылды", – делінген хабарламада.
Ведомствоның мәлімдеуінше, өртті ауыздықтау жұмыстары күрделі таулы рельеф, түнгі уақыт пен күшейген желдің әсерінен қиындап отыр. Жел жалынды тез таратуда.
"Құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеуде", – деді ТЖД өкілдері.