Белгілі әнші Мақпал Жүнісова Қайрат Нұртастың әкесінің 60 жылдық мерейтойына бара алмаған себебін түсіндірді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Өнер иесінің айтуынша, ол мереке қарсаңында сатыдан абайсызда сырғанап кетіп, қолынан жарақат алған.
"Нұртас замандас, 60 жасыңыз құтты болсын! Шақыруыңызға бара алмай қалғаныма ренжімеңіз! Ғұмырлы болып, тәтті немерелеріңізден шөбере сүю бақыты бұйырсын! Шапаныңыз Гүлекеңнің каспиінде... Аяқ асты сатыдан сырғанап кетіп, қолымды ауыртып алдым. Құдай сақтап, қол аман, тырнақ түбінен сынды", – деп жазды Мақпал Жүнісова.