Logo
Іздеу
Айдарлар

"2 жыл бұрын анасы қайтыс болған": 6 жастағы бала дәрігерлердің салғырттығынан көз жұмды

/
"2 жыл бұрын анасы қайтыс болған": 6 жастағы бала дәрігерлердің салғырттығынан көз жұмды
ашық дереккөзден

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданының Құлан ауылында 6 жастағы бала ауруханада көз жұмды. Марқұмның туыстары мұны дәрігерлердің немқұрайлылығынан болған жағдай деп отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Марқұм Әли Жолшыбек 29 қыркүйек күні өзін жайсыз сезініп, учаскелік дәрігерге барған. Алайда дәрігер қандай да бір көмек көрсетпей, баланы үйіне қайтарып жіберген.

Баланың әжесінің айтуынша, ол дәрігерлерге жалбарынып, тізерлеп сұрағаннан кейін ғана 7 қазан күні Әлиді ауруханаға жатқызған. Бірақ науқас балаға нақты тексеріс жүргізілмей, диагноз да қойылмаған.

"Ауырсыну тоқтамаған соң дәрігерлер тек "Креон" деген дәрі жазып берген. Бірақ жағдайы жақсармады. 10 қазан күні немерем көз жұмды", – дейді баланың әжесі.

Отбасы мүшелерінің айтуынша, осыдан екі жыл бұрын баланың анасы да дәл осы ауруханада қайтыс болған.

Ал аурухана басшылығы өз кезегінде:

"Бала өт жолдарының ауруымен жатқызылған, соған сай ем жүргізілді", – деп мәлімдеді.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесінен кейін нақты шешім қабылданбақ.