Logo
Іздеу
Айдарлар

Ақтөбелік футболшы Мұса Арон қайтыс болды

/
Ақтөбелік футболшы Мұса Арон қайтыс болды
Сурет: «Актөбе» ФК

Жасөспірімнің қазасы туралы хабар демалыс күндері белгілі болды. Бұл жөнінде «Ақтөбе» футбол орталығы ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Белгілі болғандай, демалыс күндері Жилгородок шағын ауданындағы жеке үйлердің бірінен үш адамның — әйел мен екі жас жігіттің — мәйіті табылған.

Оқиға орнына келген құтқарушылар өрттің іздерін анықтамаған. Қайтыс болғандардың бірі — «Ақтөбе» футбол орталығының тәрбиеленушісі, «Ақтөбе U-16» командасының ойыншысы Мұса Арон екені анықталды.

Қалған екеуі — 15 жастағы футболшының әжесі мен немере ағасы екені белгілі болды.

Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.