«Arasha.kz» ақпараттық-сараптамалық сайтының ұжымы бас редактор Марғұлан Ақанға ардақты анасы Әзия Қахарманқызының дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтады.
Осы қайғылы хабарға байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Марғұлан Ақанға көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Сізге асыл анаңыз Әзия Қахарманқызының дүниеден өтуіне байланысты орны толмас қайғыңызға ортақтасып көңіл айтамын. Өмір жолында табандылық пен күрескерлікті ту етіп, ұрпағына ізгілік пен өнегенің шуағын төгіп өткен қадірлі жанның жарқын бейнесі жақындарының жадында мәңгі сақталады деп сенемін. Аяулы анаңыз үшін бар күш-жігеріңізді салып, перзенттік парызыңызды адал атқарғаныңыз – үлкен азаматтықтың, биік адамгершіліктің көрінісі», – делінген жеделхатта.
Марғұлан Ақан мен оның отбасының қайғысына ортақтаса отырып, марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа, жаны жәннатта болуын тілейміз.
Артында қалған туған-туыстары мен жақындарына Алла сабыр берсін.
