Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қаза

Танымал қоғам қайраткері Бақыт Түменова көз жұмды

Танымал қоғам қайраткері Бақыт Түменова көз жұмды
Сурет: Facebook.com/@Ермурат Бапи

Саясаткер әрі қоғам қайраткері Бақыт Түменова қайтыс болды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Бақыт апай Түменова қайтыс болды деген хабар жетті!.. Жаратқан алдынан жарылқасын! Азататтық танымдағы ұстанымы тастай берік адам еді... «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ДВК) қозғалысы алғаш құрылған күннен бастап, Павлодар облысындағы мемлекеттік қызметін тастап, оппозициялық қозғалысқа қосылды», - деп жазды депутат. 

Бұған дейін Семей облыстық әкімшілігінде аппарат басшысы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы болды.

«2001 жылдан бастап, алғашқы ДВК тараған уақытқа дейін (2003) қозғалыстың ұйымдастыру саласына жетекшілік етті. 2003 - 2007 жылдары «Алға» және «Алға, ДВК» партиясының аппаратын басқарды, төралқа мүшесі болды.
Ақыры, тіркемейтін болған соң, паотия құру ұйымы тарқады. Бақыт Ниязбекқызы сонда да тәуелсіз және азаматтық бағытынан айнымай «Аман-саулық» мемлекеттік емес ұйымын құрды. Міне, өмірінің соңына дейін, 19 жыл бойы осы «НПО»-ға жетекшілік етті! Иманың саламат болсын, Алтын Адам! Жарқын бейнеңіз жүрегіміз соңғы соғысына дейін сақталады!», - деп жазды Е. Бапи.