Logo
Іздеу
Айдарлар

"Осы сәтті пайдалана отырып..." – Бүгін депутат Ардақ Назаровтың туған күні

/
"Осы сәтті пайдалана отырып..." – Бүгін депутат Ардақ Назаровтың туған күні
ашық дереккөзден

Бүгін, 14 қазан, әйгілі спортшы, Мәжіліс депутаты Ардақ Құттықожаұлы Назаровтың туған күні! Мәжіліс депутаты бүгін 45 жасқа толып отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ардақ Назаров 1980 жылы Алматы облысы Райымбек ауданының Қақпақ ауылында дүниеге келген. Жастайынан спортқа ден қойған ол 1990-жылдардың соңында джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы атанып, кейін ерегесіз жекпе-жек (ММА) әлемінде ел намысын биікке көтерді.

Ол Азия чемпионы (2003, Бішкек), Еуропа чемпионы (2007, Таллин), Әлемнің екі дүркін чемпионы (2004, Хабаровск; 2005, Сеул), Әлем кубогының иегері (2004), Еуразияның екі мәрте чемпионы (2001, 2002).

Сондай-ақ Санкт-Петербург, Владивосток, Бішкек, Сеул сынды қалаларда өткен халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанған.

Спорттағы жолын аяқтаған соң, Ардақ Назаров елдің қоғамдық және саяси өміріне белсене араласты. 2023 жылдың 29 наурызынан бастап ол Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты болып қызмет атқарып келеді.