Logo
Іздеу
Айдарлар

"Қорқақ баланың тірлігі": Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады (ФОТО)

/
"Қорқақ баланың тірлігі": Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады (ФОТО)
Arasha.kz коллажы. Суретте: Димаш Құдайберген мен Олжас Байділдинов

Әнші Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында қоғамдағы тіл мәселесіне қатысты пікір білдіріп, қазақ тілін менсінбеушілікке қарсы ойын ашық жеткізді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі сторисінде:

"Біз, қазақтар, әлемнің барлық тілін құрметтейміз. Бірақ құрмет – ең алдымен өзіңнен басталады. Өз тілінен өзге біреудің мақұлдауын алу үшін ұялатын адам сөзін емес, тамырын жоғалтады", – деп жазды.

Сондай-ақ Димаш жазбасында белгілі сарапшы Олжас Байділдиновке қатысты пікір білдірді:

"Олжас, сен секілді арандатушыны жұмыстан шығарып жібереді деп үміттенемін, өйткені сен қорқақ кішкентай баланың тірлігін жасадың. Сен қазақша түсінбейтіндіктен, мен де мұны қазақша жазбадым", – деп сын айтты әнші.

Бұл жазба қоғамда қызу талқы туғызды. Бұған дейін Олжас Байділдинов қоғамдық көліктегі жолақы бағасын көтеру туралы пікір білдіріп, "Астана мен Алматыдағы автобус билеті 500 теңге болуы керек" деген ұсыныс айтқан еді.

Ол қазіргі субсидиялау жүйесін тиімсіз әрі жемқорлыққа жол ашатын тетік деп бағалап, нарықтық еркін баға енгізуді және жолақыны жүріп өткен қашықтыққа қарай есептеу қажеттігін ұсынған болатын.