Logo
Іздеу
Айдарлар

Владимир Зеленский Вашингтонға келді

/
Владимир Зеленский Вашингтонға келді
Сурет: видеодан скрин

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу үшін Вашингтонға келді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Украина президентінің хабарлауынша, ол алдағы сағаттарда АҚШ-тың қорғаныс компанияларының басшыларымен кездесуді жоспарлап отыр. Негізгі тақырып – әуе қорғаныс жүйелері мен әскери техника жеткізілімін арттыру. Бұдан кейін энергетикалық компания өкілдерімен келіссөздер өтпек.

Ақ үйдің кестесіне сәйкес, АҚШ-тың шығыс жағалауы уақытымен 13:00-де (Астана уақытымен 22:00-де) Владимир Зеленский Ақ үйге келеді. Кездесу түскі ас форматында, жабық есік жағдайында өтеді.

Келіссөздерден кейін Дональд Трамптың Флоридаға аттанатыны хабарланды.