Logo
Іздеу
Айдарлар

Пәкістан мен Ауғанстан атысты тоқтату туралы келісімге келді

/
Пәкістан мен Ауғанстан атысты тоқтату туралы келісімге келді
Сурет: Хваджа Мұхаммад Асиф, әлеуметтік желіден

Екі ел өкілдерінің келіссөздері Доха қаласында Қатар мен Түркияның арағайындығымен өтті. Тараптар атысты дереу тоқтатып, тұрақты бейбітшілікті нығайтуға бағытталған тетіктерді құру туралы уағдаласты, деп мәлімдеді Қатардың Сыртқы істер министрлігі.

Пәкістанның қорғаныс министрі Хваджа Мұхаммад Асиф келісімнің қол қойылғанын растады және делегациялар 25 қазанда Ыстамбұлда келіссөздерді жалғастыратынын мәлімдеді.

Еске салайық, 11 қазанның кешінде Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында қарулы қақтығыс болып, ондаған әскери қаза тапқан. «Талибан» бұл операцияны Пәкістанның Ауғанстан әуе кеңістігін бұзып, жергілікті базарға әуе соққысын жасаған әрекетіне жауап деп атады. Ал Пәкістан, керісінше, ауған күштерін бейбіт тұрғындарға оқ атты деп айыптап, «Үндістан жағдайындағыдай қатал жауап береміз» деп ескерткен.

Қақтығыстың ушығуы Ауғанстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынастың жақсаруымен тұспа-тұс келді. Пәкістан билігі бұл елдерді жергілікті талибтерді қолдады деп айыптап отыр.