Logo
Іздеу
Айдарлар

"Атасы күдіккке ілінді": Ақтөбеде 14 жастағы оқушы қыздың сабақ үстінде толғағы қысқан

/
"Атасы күдіккке ілінді": Ақтөбеде 14 жастағы оқушы қыздың сабақ үстінде толғағы қысқан
ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушының босану оқиғасына қатысты тергеу жалғасып жатыр. Тергеу деректеріне сүйенсек, баланың әкесі 64 жастағы ер адам болуы мүмкін – ол қыздың әжесінің күйеуі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының директоры Гүлшат Темірбаева қыздың Ойыл аудандық ауруханасынан санитарлық авиация арқылы жеткізілгенін мәлімдеді.

"14 қазан күні сағат 19:30-да бізге Ойыл ауданынан санитарлық авиациямен жеткізілді. Нәресте уақытылы дүниеге келген, салмағы – 2770 грамм. Анасы мен сәбиінің жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлердің бақылауында", – деді ол.

Қыздың қазіргі таңда бөлек палатада жатқанын, қасында анасы бар екенін хабарлады. Онымен психологтар жұмыс жүргізіп жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, 13 қазанда сабақ үстінде қыздың толғағы қысқан, содан кейін ғана оның жүкті екені анықталған. Ол толық емес отбасында өсіп, үш баланың үлкені болған.

Полиция департаменті дерегінше, 64 жастағы ер адам ұсталған. Ол қыздың өгей атасы болып шыққан. Қазір оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы, 4-бөлігі ("Жас баланы зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалды.