Logo
Іздеу
Айдарлар

Николя Саркози: Түрмеде ұйықтаймын

/
Николя Саркози: Түрмеде ұйықтаймын
Сурет: видеодан скрин

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози Париждегі Ла-Сант түрмесіне жеткізіліп, бес жылдық жаза өтеуді бастады, деп хабарлайды Arasha.kz.

70 жастағы саясаткер 2007 жылғы сайлауалды науқанын қаржыландыру кезінде қылмыстық астыртын келісімге қатысқаны және марқұм Муаммар Каддафиден заңсыз қаржы алғаны үшін кінәлі деп танылды.

2007–2012 жылдары Франция президенті болған Саркози түрмеге әйелі, әнші Карла Брунидің ертіп шығарып салуымен кетті. Олардың көлігін полиция колоннасы алып жүрді.

Үкім жарияланғаннан кейін Саркози журналистерге былай деді:

«Егер олар менің түрмеде ұйықтағанымды қаласа — мен түрмеде ұйықтаймын, бірақ басымды тік ұстап ұйықтаймын».

Ол — Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде коллаборационистік режимді басқарған Филипп Петеннен кейін түрмеге қамалған алғашқы француз басшысы.

Le Figaro газетіне берген сұхбатында Саркози өзімен бірге камераға Иса пайғамбардың өмірбаянын және Александр Дюманың «Граф Монте-Кристо» романын алатынын айтты. Бұл туынды әділетсіз айыппен түрмеге түскен адамның тағдыры жайлы.