Logo
Іздеу
Айдарлар

Тұрғын үй саясаты нәтижесін беруде

/
Тұрғын үй саясаты нәтижесін беруде
pixabay.com

Үкімет тарапынан баспана мәселесін шешуге қадам, құрылыс саласын қолдау қазіргі уақытта өз нәтижесін беріп келеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Былтыр елімізде 18,96 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, соңғы 34 жылдағы рекордты көрсеткішке ие болды. Биыл да бұл көрсеткішті түсіру көзделмеген. Үкіметтің жоспары бойынша 2025 жылы Қазақстанда 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Бұл көрсеткіш Қазақстанның баспана нарығы, инфроқұрылымдардың дамуы, қалалардың өркендеуі мен урбанизацияға өз әсерін тигізбей қоймайды.

Сейсенбі күні өткен Үкімет отырысында тұрғынүйге мемлекеттік бағдарламалар жоспарлары бар екені, құрылыс қарқыны әлі де күшейетіні туралы айтылды.

Қазіргі уақытта елімізде Нұрлы жер – «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020–2025 жж.» бағдарламасы, 7‑20‑25 ипотекалық тұрғын-үй бағдарламасы, «Наурыз» бағдарламасы сияқты мемлекет тарапынан қолдау мақсатында құрылған бағдарламалар жүзеге асып жатыр.