Logo
Іздеу
Айдарлар

Енді мектепте гинеколог болады: Еліміздің бас педагогы шұғыл хабарды айтты (ВИДЕО)

/
Енді мектепте гинеколог болады: Еліміздің бас педагогы шұғыл хабарды айтты (ВИДЕО)
Мәжілістің баспасөз қызметі. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова соңғы уақытта елде жиілеп кеткен жасөспірімдер арасындағы жүктілік мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп Arasha.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Министрдің айтуынша, мұндай қайғылы оқиғалар білім беру жүйесіндегі бақылаудың әлсіздігін және бірқатар жүйелі кемшіліктердің бар екенін айқын көрсеткен.

"Қазір денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, мектептерге гинеколог мамандарды қайтару жолдарын талқылап жатырмыз. Бұл ертеңгі күні осындай жағдайлардың алдын алу үшін қажет қадам", – деді Сүлейменова.

Ведомство басшысы мұндай жағдайларға қоғамның бейжай қарамауы тиіс екенін ерекше атап өтті.

"Мұндай жағдайға тап болған балалар ауыр психологиялық күйзеліс көреді. Ең бастысы – оларға моральдық және психологиялық көмек көрсету, білім алуын жалғастыруға мүмкіндік беру", – деді министр.