Logo
Іздеу
Айдарлар

"Келінім екеумізде екі асхана": Сәкен Майғазиевтің әйелі шындықты жайып салды (ВИДЕО)

/
"Келінім екеумізде екі асхана": Сәкен Майғазиевтің әйелі шындықты жайып салды (ВИДЕО)
SN.kz

Қазақ эстрадасының танымал әншісі Сәкен Майғазиевтің жары – Динара Майғазиева әлеуметтік желіде келін болып түскен кездегі қызықты оқиғасын баяндап, тыңдармандарды күлкіге қарық қылды, деп Arasha.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сәкен Майғазиевтің жары алғаш келін боп түскен кездегі қызықты естелігін айтып, оқырмандарды күлдірді. Айтуынша, ол кезде ас үйде тәжірибесі аз болған жас келін бір күні қызып тұрған майға ет салып жібергенде, майдың қатты атылған даусынан қонақтардың қолындағы кесе түсіп кеткен. Сол сәтте бәрі абдырап қалғанымен, кейін бұл оқиға отбасы арасында ең қызықты естеліктердің біріне айналған.

Сондай-ақ, ол келін алған соң, асханада жағаласып жүрмейін деп, тамақ жасағысы келгенде жазғы ас үйіне барып, дәмді тамақтар әзірлейтінін айтады.

"Келінмен жағаласып жүргенді құп көрмеймін, өзінің ойлағаны бар шығар, басқаша тағамдар әзірлегісі келетін болар, сол себепті, тамақты бөлек асханада әзірлегенді жөн көремін", – дейді ол.