Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева журналист Қанат Тілеуханға берген сұхбатында той сахнасына жиі шықпайтынын және оның себебін түсіндірді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Әнші өзінің өнердегі ұстанымы мен мақсат-мүддесі той сахнасынан өзгеше екенін ашық айтты.
"Тойға шығатын әншілердің мақсаты – халықты билетіп, көңіл көтеру. Ал менің әндерім мен мақсатым басқа. Мен үшін ең маңыздысы – тойдың қуыршағы болмай, нағыз әнші болу. Қазақ тыңдарманының музыкалық талғамын көтеру үшін еңбек етемін. Сол себепті мені тойға жиі шақырмайды. Бірақ мен оған ешқашан өкпелемеймін. Көбіне концерттік сахнада жүремін", – деді Роза Рымбаева.