Logo
Іздеу
Айдарлар

Үндістан жауын шақыру технологиясын сынақтан өткізді

/
Үндістан жауын шақыру технологиясын сынақтан өткізді
Сурет: Channi Anand

Нью-Делиде бұлттарға арнайы бөлшектер себу әдісі арқылы жаңбыр шақыру технологиясын сынау табысты өтті. Бұл туралы Нью-Дели қаласы кіретін Дели Ұлттық астаналық округінің бас министрі Рекха Гупта әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Делиде алғаш рет бұлттарды себу арқылы жасанды жаңбыр жаудыруға дайындық аяқталды. Бұл елордадағы ауа ластануына қарсы күрестегі маңызды технологиялық кезең. Бейсенбі күні мамандар Бурари ауданында экспериментті сәтті жүргізді»,- деп жазды ол.

«Метеорология басқармасының мәліметінше, 28, 29 және 30 қазанда бұлтты ауа райы күтіледі. Егер ауа райы қолайлы болса, 29 қазан күні Делиде алғашқы жасанды жаңбыр жаууы мүмкін» деп қосты Гупта. Сондай-ақ ол үкімет осы жаңашылдық арқылы елорданың ауасын тазартуды және экологиялық тепе-теңдікті сақтауды мақсат тұтып отырғанын атап өтті.

Үндістан астанасында жыл сайын күзде ауа сапасының күрт нашарлауы байқалады. Delhi маңындағы Пенджаб және Харьяна штаттарында, Үндістанның солтүстігіндегі ірі ауыл шаруашылық өңірлерінде, жылына шамамен 18 миллион тонна күріш өндіріледі. Қазан-қараша айларында егін жиналғаннан кейін 20 миллион тоннадан астам сабан мен аңыз ресми тыйымға қарамастан егістік алқаптарында өртеледі. Салдарынан түтін төменде орналасқан астананы қалың смогпен басып қалады. Сонымен қатар, күз мезгілінде Делиде желсіз ауа райы жиі орнығады.